Екі көзі шатынап, шарасынан шыға жаздап, ашу шақырған адамның сипаты. * Қоңқайған зор мұрны да, салпиған төменгі ерні де, аумаған буранікі. Алақандай шағыр көздері де, құтырған бурадай шарасынан шығып, шатынап барады. С.Мұқ. * Таңатар түрегеп тұрған қалпымен, ескекті екі жақтап сілтеп келеді. Айдынға шыға жел қатайып бара жатқан сияқты. Мана жағада іркілдеген толқын енді күркілдеп, құтырған бурадай шабынып жатыр. С.Мұқ. * Бақытжан: – Жарайды, ендеше, – деп алға суырылып шықты да, мықынын таяна жүгініп отырды. – Екі рольді бір өзім-ақ ойнайын. Ей, Аманжан, кел жүгініске, құтырған бурадай жыныңды шашпай тыңда мені. О.Бөк.
