Posted in

ҚҰШАҒЫ ОТТЫ (ЫСТЫҚ)

Махаббат-мейірге толы, ынтыққан, құмары тарқамаған д.м. ~ Сол мезетте иықтаса, қатар отырған Балжанның жұпар лебі бетіме тиді. Арыда отырған, құшағы отты тоқалдан әлдеқайда тартымды көрінеді. Өмірлік қосағым ғой. М.Мағ. ~ Түріңде тұр туыстық, Тіліңде тұр туыстық. Нөкістің Қызылордадай, Құшағы отты, күні ыстық. С.Мәу. ~ Сөзі зәр, құшағы ыстық сұрша қатын, Талықсып түні баласы «мұң шағатын». Қуарып құба жүзі қарияның, Туарын күтіп жүрді сын сағаты. Ә.Дәул. ~ Рас, Балжан… әлі де қыздай. Құшағы ыстық. Қапада қалған сен емес, бар ғұмырын бірге өткерген менің өзімнің… ынтығым тарқаған жоқ. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *