Құшағын айқара ашты; сағынышпен көрісті. ~ Әзиз-Сұлтан күртiкке шаңғысын шаншып, құшағын жайған күйi жақындай берiп едi, қыз аяғының ұшымен өкшеден қағып қап, шалқасынан түсiрдi… Т.Сәу. ~ Бас салды «Құлыным» деп құшақ жайып, — «Аяғың неден қалқам кетті тайып. Жұлдызым, басымдағы бақыт құсым, Қай жаққа мені тастап болдың ғайып! С.Мұқ. ~ Қалаған «көтек» деп аңырып қалып, Бәйтенді көрді де: – Құлыным – ау, жалғызым – ау, – деп емірене кемсеңдеп, құшағын жайды. – Осыншама зарықтырып…. Т.Әбд. ~ «Біз» дегенге бір нүкте қоярдаймыз, Сағынып енді құшақ жая алмаймыз. Ортақ көрпе жамылып ұйықтамаймыз, Тартысып оянбаймыз. М.Айт.
