Құйрығы жуан жылқы туралы. ~ Екі бие сауымындай мезгіл оған тек Арғын биі Ақжол ғана төтеп берген. Бірақ ошақ тұяқ Көксеңгірдің тегеурініне шыдай алмай бір сайыста астындағы құшақ құйрық Ақжамбасы тізерлеп шөгіп қалып, сайыс төрешілері бас бәйгені Қобыландыға деп шешкен. І.Ес.
~ Өңшең қаба жал, құшақ құйрық, қақпан бел, жуан мойын, жүндес аттарға мінген аңшылардың ұзын саны қырықтан астам. М.Мағ. ~ Оның көзі кілең тоқпақ жал, құшақ құйрық желаяқ тұлпар мінген, үсті-бастары күн сәулесі шағылысқан көк темір сауыт, қолдарына сойыл, шақпар ұстаған Қасым сұлтанның жанында тұрған Дәшті Қыпшақтың атақты батырланына ауды. І.Ес.
