Құшаққа әзер сиярлық д.м. ~ Қ а л и. Сиғанынша алып қал! Құшақ толы олжаны кемітпейді ешкім. Сұм дүниеден сомпиып қайтқан жаман бәрінен. Ғ.Мұс. ~ Ана сөзі аяқталысымен мәжіліс залына сырттан кіріп келген Дан, сахнаға асығыс жетіп, құшақ толы гүлдерін Інжудің аяғының астына шашып жіберді. Отырған халық ду шапалақ соғып, «бәрекелді» деп қошемет көрсетіп жатыр. АҚ “Дара сезім”.
