Posted in

ҚЫБЫН БІЛЕДІ (БІЛМЕЙДІ)

Жолын, амалын, жөнін біледі. ~ Бұл жануар не іздеп талпынып тұр? Жемсауын сипап, жем беретін, етін көретін, қыбын білетін құсбегісі қайда? Ж.Айм. ~ Оларда әлі шөп мол екен. – Ойбой, оның несін айтасың. Әй, неміс халқы шаруаның қыбын біледі-ау. С. Жүн. ~ Жүректің түгі бар ма, немене. Ендігінің балалары да жүнжіп барады. Сойталдай Халел әлі күнге дейін ештеменің қыбын білмейді». С.Жүн. ~ Сауданың қыбын білмейсің, нашар, ынжықсың дейді. Онысының жаны бар. Шынында да базарға қырым жоқ. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *