Әулетіне, еліне бақ-дәулет ұялады. * Қожа «Бәсе!» деп мақсаттанып, тамақты тағы бір кенеп, болысқа қарап сөйледі: – Шырағым, ата-бабаңа пірлердің дұғасы тиген, бақ қонып, қыдыр дарыған. Ғазиздердің дұғасы мақбүл деген. Саған ешбір дұшман зарар келтіре алмайды. Ж.Айм. * Малдары күншуақта, көк шалғында, Ажарланған, тойынған қыдыр дарып. Әр үйде жайған өре, қайнатқан құрт, Бай, кедей, қатын-қалаш тегіс қарық. Д.Кәп. * Жайлауға кеше қонған Тасболат бай, Дарыған қыдыр соған, дәулеті сай, Ақ орда сегіз қанат тігіп тастап, Жатқаны қор-қор ұйықтап: көңіл жай. С.Тор. ~ Сырты сыр, іш мағынасы терең болса, Тыңдайды ондай сөзді халқың құндап. Қыдыр дарып бақ қонсын Едіге саған, Мерейің үстем болып, артсын бағаң. Өзінің қатарының алды болсын, Қасыңа еріп келген осы балаң. Н.Әбу. ~ Әз Жәнібек ханның тұсында ғұмыр кешкен Асанқайғылардан кейін қыдыр дарығандардың бірі де сол Ысекең болар-ау шамасы. Қонақтардың әңгіме желісі енді бір ауық сыншы жайына ауысты. Ш.Рах.
