ҚЫДЫР ҚОНДЫ Молшылық, құт ұялады. * Ежелден дегдарлымсың тұқымы оңған, Малыңа, басыңа да қыдыр қонған. Ағаңа ат мінгізер жөнің келді, Айырылсаң тағы өзі біл даңғыл жолдан. С.Тор. ~ Шулайды әлі, бір зобалаң жетпесе, Аспан жайнап, жер осылай көктесе. Қыдыр қонған қасиетті мекенге Шыныменен сайтан сарып кетпесе… Н.Айт. ~ Бауырында осы ауыл отырған анау төбені Қарақылпақ тауы деп атайды. Бұл бір қыдыр қонып құт дарыған жер, – деп бастап ойда жоқ жаналықтың шетін жылп еткізді. – Қырық жылдай хандық құрып, Орта жүзді билеген Уәли ханның мүрдесі осында жатыр. С.Ақт.
