Қызу қанды, шамшыл, өрекпе, ызақор. ~ Келдібек, Мөңгілі бидің інісі Жарақтың қызба қанды баласы Софы мен Төре биді Ордасына шақырып алды. І.Ес. ~ — Опасыздық! Сатқындық! – деп қалды қызба қанды Махамбет. — Орданы бүгіннен қалмай шабу керек! Б.Тоғ. ~ Қарабатыр сол таласта қаза тапты. Көрген куәні де қызба қанды Саянның алдаспаны алып түсіпті. І.Ес. ~ Қыз шешімін естіген қызба қанды қос батыр енді ашық бәсекеге түсті. Бірақ сайыста да, жамбы атуда да, күресте де, жерден теңге алуда да жеңісе алмады. І.Ес.
