Өмірдің рахатына бөленді, ләззат алды, қызықтады. ~ Мен қайта шүкір деуім керек. Жар құштым, аз да болса қызық көрдім. К.Қаз. ~ Еш тіршілік иесіне көрсетпей аяқтандырған соң ғана, ертіп үйірге қосқан. Содан бері қаншама қызық көрді, қаншама запа шекті! О.Бөк. * Ормамбеттен аттанған он сан ноғай, Біреуінің ақылы он сан қолдай, Күміс мылтық мойнында алда жүріп, Қызық көрді екі хан талай-талай. Ә.Бөк. (“Қозы Көрпеш …”)
- Таң қалды, таңырқады, қызықтады. ~ Мен бәрінен бұрын орыс композиторының ұлы жүрегінен шалқып шыққан таңғажайып музыканы естігеңде қатардағы қойшы құлақ түріп қана қоймай, терең тебірене алатындығын қызық көрдім. Б.Тоғ. ~ Бала өз бетімен еркін өсті. Он жаста үйіне келген қонақтардан қалған шампанды ішсе, әке-шешесі оны қызық көрді. І.Ес.
- Әлдебір ерекше көрініске тап болды. ~ Айтпақшы, кеше қыдырып жүріп аурухананың қақпасынан шығып кетіп едім, сонда бір қызық көрдім. Қақпаға жақындап кеп үлкен “МАЗ” тоқтады да, әлгіден ақ кофта, қара юбка киген жирен әйел түсті. Ә.Тар.
