Нағыз қызық, тамаша. * Сөйтсе… қызықтың көкесі мұнда болып шығады. О.Сәрс. * — Мынау бір қызық адам ғой! — дейді Зағипа өңіндегі таңырқау әлі де басылмай. — Қызықтың көкесі енді басталар. Б.Соқп. * – Жәрмеңкеде ақындардың әнін естуге келіңдер! Жаңалық хабар жаңғырып жатты: – Ой, тойдың көкесі сол болады! – Ой, қызықтың көкесі де! Ш.Айт.
