Жазда соғатын ыстық, құрғақ жел; аңызақ. ~ Әлгінде тау табанында тұрғанда ептеп жылымық сезілген, биіктеген сайын ауа да салқындай түсті. Түстіктен ескен қызыл жел бар, бетті қариды. О.Бөк. ~ Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып, Бір мезгіл жыны буып күбірлетті. Қалың құмды қап- қара бұлтқа қосып, Қызыл жел құйындатып дірілдетті. М.Жұм.
