Posted in

ҚЫЗЫЛ ИЕК

Жақ сүйектің астыңғы еріннен төмен тұсы. . ~ Кейінгі екі күн ғана емес, ілкідегі бес-алты апта бойы — іші бауыры тартыла, сүйек-сүйегі шытынай, жаны ышқына ыңыранып, үлкендігі мысықтай ғана, шибиген арық, едірейген үлкен, ақтандак қара құлақты добал бас, тіссіз қызыл иек, саңылаусыз жұмық көз, бірінен бірі əдемі үш шөнжік тапқаннан соңғы күндерде əбден арып-аршыған. М.Мағ. ~ Жұрт мына Қызыл иек, сақау шалдың шүлдірлеп сөйлеп тауып айтқан сөздеріне ырзалық байқатысып: — Е, бәрекелде! Келелі кеңесті кемелденген қарттан сұра. — Не дегенмен кері шораяқ, боз тарлан емес пе, — десіп марапат байқатысып жатты. Ж.Ахм. ~ Күннен күнге құбылады замананың түр-түсі, Бұлаңдаса, мың алдаса уақыттың қу түлкісі. Көне тарих ақырады әлсін-әлсін оянып, Қызыл иек кәрі арыстан азуда жоқ бір тісі. Н.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *