Posted in

ҚЫЗЫЛ КЕҢІРДЕК БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛ КЕҢІРДЕК БОЛДЫ Айғайласты, дауласты, өңеш жырта салғыласты. * Өзге жұрт не автономиясын алып, не ала алмай жағаласып қалып жатқанда, біз күйбеңдеп қала беретініміз, қызыл кеңірдек болып, омыраулап кете алмайтынымыз немене еді? Ж.Айм. ~ Мойнының рабайсыз ұзындығын былай қойғанда, қашан көрсең жұмыстағы адамдармен керісіп қызыл кеңірдек боп қатқаны. С.Жүн. * Көпшілікте әркімнің қот- қоттағанына арқаланып, күші жетпеспен күреске түсіп, жығылса жеңілгенін мойындамай, қызыл кеңірдек болып дауласып, елге келемеш болып қайтатын көрінеді. Ү.Жәл. * Өзара қызыл кеңірдек болып, өңештері жыртылғанша айқайласып жатқан жұрт бұған көңіл бөлмеді. Ә.Тар. ~ Қамарға қарап мұңайысып: “Уай, дүние, жалған-ай!” дей түсіп отырып алды. “Арсызға алты күн мейрам” деп, арсыздардың онда не ісі бар, сартта-сұрт мейрамдары қызысып, қызыл кеңірдек болысып-ақ жатыр, бірақ “алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба содан жүреді ғой”, татымдылары анадай болып отырған соң, бұлардың мейрамдары да көпке бармады. С.Тор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *