Posted in

ҚЫЛ (ТІЛ, ПЫШАҚ) КЕСКЕНДЕЙ

Оқыс тоқтау, шорт үзілу туралы. * Егер де босанатын күнім болса, Шалармын талайыңды қорқыратып!» Деді де, қыл кескендей тұра қалды … С.Мұқ.~ Жып-жым-жырт, тыңдағандар тіл кескендей, Құрыштап құлақгарын үн кескендей, Сылдырлап кейде қамыс, кейде бұлақ, Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей. І.Жанс. ~ Екі ақын одан әрі кезектеспей, Жарыс сөз қалды тоқтап тіл кескендей. Ә.Тәж. ~ Осылай ойладым. Сондықтан «өзің біл, ойлан» деп, Сәлиманың басын қатырмадым. «Мені күтпе» деп, пышақ кескендей ғып, бірден айттым. Ә.Нұрш. ~ Әкемнің жаманатын үйден естідім. Заманның суық хабарын хат арқылы сен жеткіздің, Тана. Екеуінен де маған үзбей келіп тұратын үшкіл хаттар пышақ кескендей тыйылып қалды. Ә.Нұрш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *