Ақыр соңында; тіпті; тым құрығанда. * Қыл аяғы тымақты да тастап, «маңдайында қалқайған бірдемесі бар, сырылмаған жепек» киіп келіпті. Қ.Шабд. * Қыл аяғы түс екеш түсінде де бұл жүз ойланып, мың толғанып тұрғанда жүйткіп ұшқан дәу дәл тұмсығының астынан Арман-аруды шімірікпей әкете барды. М.Қаб. * Ешкім тырс етіп үн қатқан жоқ, бет-бетіне тарай бастаған. Қыл аяғы осы ауылдың итіне дейін алысқа апарып байлап, алдына ас құйып бабын тапты. О.Бөк. * Айтысқанмен айтыстық, алысқанмен алыстық, қазақ деп айғайладық, алаш деп ұран тастадық. Соңымыздан қыл аяғы ит екеш, ит те ермеді. О.Бөк. * Қыл аяғы, соның кесірінен сол жолы көпірден өтіп бара жатып Сена өзеніне секіріп кетуге шақ қалмадым ба…П. Мод.
