Posted in

ҚЫЛ КЕҢІРДЕККЕ ЖАРМАСТЫ

Алқымнан алды. ~ Шортанша тулап көріп еді, әндемді қол босатпады. Сан жырындыны жардан оздырмай жайғаған әккі қол мұның тіке қыл кеңірдегіне жар- масқан. Ө.Кәр. ~ Ұзақ алысты бұлар. Аңқоймас көкжалдың
осал тұсы жұқа шапқа тұмсық жүгіртіп үлгерді. Қапысын тапқан бөрі иттің қыл кеңірдегіне жармасты. Ө.Кәр. ~ Теке тірестің заманы өткен. Ол деген ескі дәуірлерден жеткен өлімші тәсіл. Ендігі амал-айла күш көрсетудің
асқынған түрі – қыл кеңірдекке жармасу боп табылады. Ө.Кәр. ~ -Ұстас! Қыл кеңірдекке жармас! – деген бастығымның әмірлі үнінен жігерленген мен қарсы шаптым қаптаған жауға. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *