Өлер сәті жақындады, жаны көзіне көрінді. ~ Сол мәлкілдеген арық- тұраққа күрекпен тебін ашып, қияқ пен ши орып беріп, арпалысып жүрген адамдар. Бірақ, амал не, солардың бәрі де әбден қыл мойынға тақағанда, тым кеш қимылдап жатыр. Қ.Жұм. ~ – Ағайын деп ақыл салғаның рас болса, ендігі қарсылықтан түк пайда жоқ, ағайындар. Қол- аяғың байланып, пышақ қыл мойынға тақалғанда, туладың не, туламадың не? Қ.Жұм. ~ Түйіліп, қолы үйіріп берген тап-ақ, Алдаспан қыл мойынға тиді тақап. Наркескен қылыш болмай, ақыл болып, Ұстатсып ашуменен қалды шап-ақ. І.Жан. ~ Ал, өзім ше? Алған бетімнен қайтпай, тас-түйін боп, ақырына дейін айнымай тұруға қайсарлығым жете ме? Əлде жан алқымға келіп, қыл мойынға тақағанда тайсақтап шыға келем бе? Кім білсін оны қазір. Н.Кел.
