Көзге көрініп қалды, бой көрсетті, ағараңдап, көзге шалынды. ~ Көкем айтты бір-ақ сөз, Көктегі жайдан ол қиын. Таң жаңа қылаң берген кез, Секілді түйдек жел құйын. Ғ.Қайыр. ~ Кеудеде қылаң беріп асыл үміт, Кетердей жігерінен тас үгіліп… Үн-түнсіз енді екеуі жатты ұзақ, Астында бір көрпенің жасырынып. С.Тұрғ. * Ізімізді басып келе жатқан іні-қарындастарымыздың әдеби көзқарастарына қатысты ойларымды әзірге ірке тұрып, осы сұхбатта қылаң берген, қазақтың өткен ғасырдан «мұра» болып сүйретіліп келе жатқан ең басты қайғысы – баспана проблемасы жөнінде айтайын. Т.Әсем. * Осы арада көптен көкейімде жүрген бір қиялдың ұшығы қылаң берді. Ә.Асқ.
