Posted in

ҚЫЛАҢ ҰРДЫ

Неше құбылып, жымың қақты, ойнақтады, ойнақыланды, сылаңдады. ~ Ақ жаулық, қылаң ұрған, қылаң Шекер, Етегі аяқ басса, бұлаң етер. Ж.Айм. ~ Соған жаңағыдай қылаң ұрып, қалжың айтып жүрген мысқылшыл ажары айқын айғақ. М.Әу. . ~ Шынымен дейсіз бе? Жоға, онысы әншейін ғой. Күнікей бедеу мініп қылаң ұрса, төбесі көкке жетпес пе еді? Ж.Айм. ~ Қас қарая аттандық. Атымыз шалып, тыңайып қалған екен. Қылаң ұрады. Жортып келеміз. Алдымызда екі кезең қалды. Ар жағы — беті ашық дала. Ж.Айм. ~ Шәріптің келіншегі Қызай ішінде төре- Төленгіттің қызы болатын. Ақша қарға аунаған түлкідей қылаң ұрып тұратын. Аласа бойлы, езуіне күлкі үйірілген, аузы оймақтай, ашық қызыл арай өңді, қылықты сұлу. Т.Рыск. ~ Бар арманға бастау болғандай аялы ажардан түннің өзінде әлдекімге еркелегендей қылықты кейіп қылаң ұрып, ғажап бір ұнамды наз байқалады. С.Үс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *