ҚЫЛАУ ЖОЛАТПАДЫ (ЖҰҚТЫРМАДЫ, ЖУЫТПАДЫ) Қашан да таза жүретін кірпияздық туралы. ~ Майсараның ұқыптылығына әбден тәнті болған. Еденге қылау жолатпайтын. Анау қылқаламның домалап жатуы тегін емес. С.Смат. ~ Күміс қасықтай, маңдайы жарқыраған, ақша жүзді Айсұлу үсті-басына қылау жолатпайтын сирақ, ауыл-үйге сыйлы, ағайынға жағымды, жұртқа жұғымды жөні түзу әйел еді. Ү.Жәл. ~ Алпысқа келсе де таза киініп, денін таза ұстайтын сері кісі мынау ми батпақта астындағы шаңқандай ақбозының балағына да қылау жұққызбапты. Қ.Ысқ. ~ Кейіп те тұрғандай. Үстіне қылау жуытпай, қашан да сыпайы, сырдаң жүретін мұғалім бүгін басқаша. М.Қаб.
