Posted in

ҚЫЛАУ ТҮСТІ (ШАЛДЫ)

Шашқа, сақал-мұртқа ақ түсе бастады. ~ Әуелі мұртына қылау түсті, соңынан сақалы ағарды. Ә.Нұрп. ~ Екі айдан бері қылау түскен шашымның аурудан соң жедел ағарғанын Манап айтып отырды. Қ.Шаб. ~ От- жалынның ортасында жүріп, ажалмен көзбе- көз кездесіп, бір өліп, қайта тірілгенде қылау шалмаған шашы енді лезде ағарып шыға келеді. Қ.Ысқ.

  1. Жаңа түскен ұлпа қар туралы. ~ Аспан шаңыт. Ауа ылғалдау ма, ағаш басын қылау шалыпты, бірақ кәусардай таза. Қ.Ысқ.
  2. Кір шалды; дақ түсті. ~ Пендешілікке сәл мойын бұрып, жүрегіне иненің жасуындай қылау түсіріп еді, ақ қанатты періште құз басынан қақты да жіберді… Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *