Қылт етіп көрінді, бой көрсетті. ~ Әуелі мұндай сәті түскен іске қуанып та қалды, бірақ сана түкпірінен бір күдік қылмаң етіп бас көтеріп, сол күдіктен тұла бойы күйіп-жанып қоя берді. Ш.Айт. ~ – Өй, әкеңнің, – деп Ғазиз ұмтылғанша болған жоқ, қылмаң еткен бала есікке бір-ақ барды да, қайта бұрылды: – Бәрібір сендерге ет жоқ, бәрін қонақтар жеп қойды, Мәһ, Мәһ! – деп бұтын саптап, шығып кетті. С.Жүн.
