Көзге ілінер түк жоқ, қу тақыр. ~ Битабар балдаққа сүйеніп терезе алдына келді. Бір біріне мінгескен тоқал үйлердің арасы ашылып қалған. Үй қапталында, көлеңкелі жерде ғана қар бар. Бірақ көшеде қылтанақ жоқ. Қиыршық тастар. Шалшық су. Арба ізі… Саздауытта адам іздері… С.Шәй. ~ Екі таудың арасы үш күндік шөл дала. Қадау- қадау сексеуілден өзге қылтанақ жоқ. Т.Рыск. ~ Бұл мыңғырған қой өріп шығатын түстіктің түкті даласы да емес, сағат бойы сандалсаң таусылып бермейтін, үйлері ақ шаңқан, көшесінде қылтанақ жоқ, құжынаған жұрты бар байлыққа батқан селолар мен станицаларға да ұқсамайды. Ф.Дост.
