Мойнын үзді, жоқ қылды. ~ Барады қысып Жармақ Сәтбек ерді, Ағызды қысқан сайын қара терді. Жыға алмай жағаласып жүргенінде, Әлгі итін Бәтіш барып қоя берді. Кетірді қара төбет кәпір сәнін, Жіберді жаһаннамға оның жанын. Қылтасын келе сала қиып түсті, Сақтауы міне осындай бір Алланың. БС. (“Сәтбек”) * Сол ант ұрғандар ғой, елдің ұл-қызын орысқа апарып напақа түсіріп, тірлік етіп жүрген. Шіркін солардың табанынан тіліп, қылтасын қияр күн болар ма екен, – деді тістене. Б.Жұм. ~ Үш жыл бойы денесіне дарымаған оқ ақыры қылтасын қиып өтті. М. Мағ.
- Озбырлық жасады, зәбір көрсетті, жапа шектірді. ~ Оның өзі қойшы, тіпті қасына атқосшы болып ерген Жақсыбай сияқты қанды балақ ұры да жел жағынан жүргізбейтін болды емес пе. Ана жылы Тәтімнің жалғыз керігін ұрлап алып қылтасын қиды. С.Бег. ~ Ана жылғы жалғыз атты ұрлап, қылтасын қиып қара жерге отырғызған сергелдеңнің зардабы Тәтең үйінің отының басынан мықтап орын тепкен. С.Бег.
