Posted in

ҚЫЛШЫҒЫ ҚИСАЙМАДЫ

Қара басына түк зиян келмей, аман-есен жүр. * Осы уақытқа шейін мұның қылшығы қисаймай жүрсе, ол да мұның кілең байқұлақтар әулетін тақырға отырғызып ат шығаруының арқасы еді. О.Сәрс. * Ал, анау Тарбағатайдың өр басында отырған, бір басына он сегіз мың жылқы біткен қаракерей Көкебайдың да қылшығы қисаймапты деген сөз бар. Сонда қалай өзі?.. О.Бөк. * Омарға тісі қайраулы. Қайраулы болатын себебі, жаңа өкімет орнағалы бері қасқыр ішік, құндыз тымақты шонжарлардың бәріне келіп жатқан зауал Омардың қылшығын да қисайтқан жоқ. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *