ҚЫЛЫШТЫҢ ЖҮЗІ, НАЙЗАНЫҢ ҰШЫ Қанды ұрысқа сайма-сай қару-жарақ. ~ Бұған қарсы келетіндер болса енді сөйлейтін мен емес, қылыштың жүзі мен найзаның ұшы болады. О.Көш. ~ Ат тұяғы жеткен жердің бәрінде қазақ даласын қанға бояған. Жота жон, сай-сала қылыштың жүзінде, найзаның ұшында кеткен адам денелерінің ашық қабырстандығына айналған-ды. Ғ.Біл. ~ Өз дегенімді қалай да өткізем деп келген талай әупірімді бидің тілі тоқтатып, сабасына түсірсе, тұтқиылдан келген басқыншы үшін бәрін де ұзаққа апармай кесіп түсер қайқы қылыштың жүзі мен найзаның ұшы тиімді. О.Көш.
