Posted in

ҚЫПЫҚ (ҚЫПЫЛЫҚ) ҚАҚТЫ (ҚЫПЫҚ-ҚЫПЫҚ ЕТТІ)

Дегбірсізденіп, әбігер болды, қылпылдады. ~ Ол шұбартып жатқан қопарылған жер, бүктетіліп жатқан өлік денелері. Әр жерде намазға жиналғандай топ құзғындар отыр да, қуанғаннан құйрығына дейін қыпық қағып сауысқандар жүр. Ғ.Мүс. ~ … өзінің дөрекілік жасап алғанын енді аңғарған Мақан тәйжі құйрығымен артын майқаңдап, ізін жасырған түлкідей қипақтай бұлаңдады. Бойы жетпейтін өреге қол созғанын сезіп, үріккен сауысқандай қыпылық қақты. Қ.Тол.

Кібіртіктеп, әлденеден қорқып, қипаңдай берді. ~ Стужев біресе ол жағынан, біресе бұл жағынан шығып, қозыны ұзақ қарады. Жонын, ішін, тұмсығын сипап көрді. Бір мін тауып алар ма екен дегендей, Қасым іштей қыпық-қыпық етті. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *