Posted in

ҚЫР КӨРСЕТТІ

Мінез танытып, қорқытты. * Бұл қақпас әдейі қыр көрсетіп отыр, жолдас милиционер. Қылмыс жасағаны рас… О.Сәр. ~ Сол арада ол біраз ойқастап қыр көрсетті де, біреулердің бас киіміңе шүйлігіп, ала қашпақшы болып, оның сәті түспегеннен кейін… Б.Соқп. * Бұл жұмысты істеп жүрген мен емес, Қадиша. Мен оны тоқтата алмаймын. Және мұндай болымсыз жұмыс үшін арам дейтін болсаң, айтып қой, сені біз сынайтын да кезек келер! – деп қыр көрсетті. М.Әу. * Ілкіде Сағынай самогонды көріп: «Қожан мен Сәулеге құймауларыңды өтінем»,— деген-ді. «Құйса да ішпейміз, апай»,— деді оған Қожан. Мектептегі ең үздік оқушының сөзі біртүрлі қыр көрсету сияқтанып. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *