Сыртынан қадағалаушы, назарында ұстаушы д.м. ~ Пау. шіркін, қандай ғажап өлкем едің! Киік ойнап шатында, бөктерінде, Айғайтас Шалкөденің нақ төрінде. Қырағы көз шекара Құмбел анау Қытаймен екі ортаны қақ бөлуде. М.Мақ. ~ Ал жастарша «тілсіз, қырсыз» кеткенмен желкеңде Абайдың аса таяғы, әдеби қауымның қырағы көзі тұр. Ж.Шәк.
- Байқағыш, аңдағыш. ~ Суретшіге тән қырағы көз бірден таныды өңінде әжім болмаса да, балалық пәктік, наушалық емес, құрсақ көтерген, өмір көрген әйелге тән іздер жатыр. С.Шәй. ~ Өлеңінде иненің жасуындай жалған сезім жасырынған болса қырағы көз қалт жібермес еді. Қ.Баян.
- Тыңшы, жансыз, арнайы органның қызметшісі. ~ Кәкіш өзінің көл-көсір байлығын жұрттан да, мекемелерде істейтін қырағы көздерден де жасырмайды. Қайта — көрсе екен, білсе екен дегендей шалқып жүргенді, айтып жүргенді ұнатады. Ә.Тар.
