Сұсты, қабағы түксиген адам туралы. ~ Бастық ірі сүйекті, жазық маңдай, келісті азамат екен. Ақсұр өңді, қыран қабақ, қыр мұрынды. Көздері қап-қара. Қарасаң көз тоярлықтай. Ү.Жәл. ~ … белінде наганы бұлғақтаған Бокинді әр жерде, әр түрлі жиындарда көріп жүр — ұзын бойлы, қыран қабақ, қиғаш қара мұрты бар, аққұба жігіт қазақша, орыс¬ша сөйлегенде дүйім елді аузына қаратады. Б.Тоғ. ~ Еңгезердей алып мүсінді, қыран қабақты, қасқа маңдай, бүйрек бет, алпыстан асқан туысы «Біз – Албандар үлкен тайпа болсақ та, ауыз бірлігіміздің жоқтығынан әлі күнге байыз таппай ары көшіп, бері көшіп жиғанымызды арқан қиып келеді», – деп сөзін сабақтады. Н.Абдыр.
