Posted in

ҚЫРБЫҚ (ҚЫРБАҚ) ҚАР

Жұқа жауған қар. ~ Ақпанның қырбық қары дөңгелек астында сықыр- сықыр еткенімен оны естір құлақтың табылмағаны аян. Т.Әлж. ~ Бәрінен де бұрын қырбық қардың бетін көк мұз жауып, көз жетер жер айнадай жалтырап шыға келгеніне ел қиналған. К.Жүн. * Жағаны қырбық қар басты, сұрғылт аспанды сызғылап түстікке қаздар қайтты, собор қоңырау қаққан сағатта балдаққа сүйенген Горизонтов сүр желбегейін жамылып тағы да суатқа қиялап түсіп бара жатады. И.Бун. ~ Қалың күртікгі омбылай ойған, үстін қырбақ қар басқан сорап жетегімен бүл да ошақты қос іргесінен аулақтаған. М.Мағ. ~ Бірде Құлан әдеттегідей Жебе деген құмай тазысын ілестіріп, Сүлікқара деген атына мініп, аңға шыққан еді. Жерде қырбақ қар бар. Е.Ер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *