Posted in

ҚЫРҒА САЛДЫ

Қыр көрсетті, қырына алды, соңына түсті. ~ – Шыныңды айтпасаң, өз обалың өзіңе, ұлыққа ұстап береміз де, бар жауапкершілікті өзіңе артамыз, — деп қоқан- лоқы да жасады. Бірақ нендей қырға салса да, Байсерке айтқанынан қайтпай, мізбақпай отырып алды. Қ.Жұм. ~ Бәріміздің де бас еркіміз өзімізде сияқты көрінгенмен, бар билік көкте құдай, жерде ұлықтың қолында. Араларыңызда осыны ойлаған жан бар ма? Әне, алыстан айбат шегіп жаңа әмірші келе жатыр. Оның қандай қырға салатынын кім білген? Қ.Жұм. ~ Малайдағы хатты алып оқып шықты. — Алексей бір жалған қырға салған екен бізге, — деді французша, — бара алар емеспін деп жазыпты, — дегенді қосып қойды. Л.Толс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *