Posted in

ҚЫРҒИ КӨЗ

Қадала қараған өткір көз. ~ Думаншы топтың ішінде әнші балаға оқтын-оқтын шүйіліп-шүйіліп өтетін қырғи көз сақа келіншектер де аз емес. Қаршығадай қара бала қай-қайдағыны айтып көсілткенмен, айтып отырғанына өзі мән беріп жатпайды. Ә.Кек. ~ Мынандай денеге не кисе де жарасады ғой деді бұл ішінен тамсанып. Мұны қасындағы қырғи көздер де қалт жібермесе керек. Т.Сәу. ~ Зельда өте әдемі еді, күн қаққан жүзі мен сары алтындай жарқыраған шашы өңіне тамаша көрік беріп тұрды. Оның қырғи көзі салмақты жайдарылықты сездіреді. Э.Хэм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *