Тым-тырақай қашып, жан сауғалау туралы. * Қырғи тиген торғайдай, тоз-тозымыз шығып, босып келе жатқанымызды көре тұра сыртқа теппес, –деп сөз бастаған. Ж.Шәк. ~ «Ақыр байдың баласы аштан өлген» деген екен бір бейбақ, ата-бабамыз Әлімбек батырдың заманында, кімсің — Сәлік-Сары едік, енді қырғи тиген торғайдай тоз-тоз болдық. Ұшпаққа шыққан жалғыз ұл бізге қол ұшын бермеді, қайтейік. Ш.Мұрт. ~ Отызға тарта кісі өлді, Оларды жерлеп салады. Қырғи тиген торғайдай, Бас сауғалап солдаттар Бетімен кетіп барады. К. Әзір. ~ Жирендердің тағалары тасқа сақылдап тиген сайын шашырап от шығады. Көшеде келе жатқан адамдар қырғи тиген торғайдай жан-жаққа қашады. Ш.Мұрт.
