Posted in

ҚЫРҒИДАЙ ТИДІ (ШҮЙІЛДІ)

Қас дұшпандай шүйлігіп, дегбірін қашырды. * Көктеммен ілесе қоздаған қойға қырғидай тиетін желінсау деген ауру келді. Д.Досж. * Бара-бара бәйгеден алдыңғы аттан кейін келген сәйгүліктерін жұрттың көзінше қамшының астына алатын болды, әбден қаны қарайып, бәрімізге қырғидай тиді. А.Смай. *1572 жылы өзінің оңтүстігіндегі көршісі – қырғыздарды басып алған Көшім хан Мұртаза ұлы енді Пермь өлкесіндегі ұсақ халықтарға қырғидай тимесін бе. С.Смат. * Семейде олай емес еді ғой. Көпір салуға келген еркек шора қыздарға қырғидай тиетін қалжыңбас пысықтығы қайда? О.Бөк. * Жолаушылап жүрген Жолдыбай, оңашада жолыққан қыз- келіншекке қырғидай шүйіліп, қырына алатын әдеті. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *