Қырып-жойды. ~ Мысалы: Мойынты елінде, Боранқол, Ақшатауда, Ғаббас, Нұра елінде Сарым Сандыбай ауылы, Қызылтауда Бүде Серік, тағы басқалар. Бұлар топтап ұры ұстап, қанаттас елден шауып айдап алып, екі елдің арасына қырғын салып отыратындар. С.Бег. ~ Әлекедей жаланып, аруақтарын шақыра қиқуға басқан наймандар әп дегеннен қарсыластарын қойға шапқан қасқырдай дүрліктіріп, алғы шептерін бұзып-жарып, тырағайлата қырғын салды. Д.Рам.
