Шәу тартып, күш-қайраты кеміді; қартайып қалды. ~ Және етіне тіс тиіп, ашынып алған Аққасқа қазірде долылықтан өртенгендей еді. Қасқырмен көп кездесіп, қырқылжың тарта бастағаннан бері қарай Аққасқа бойына тіс тигенше, онша өлерменденбеуші еді. М.Әу. ~ Тұрмыс біршама жақсы-жарасты болғанда адамның жасы да ұзарды. Сондықтан елу қазір онша көп жас емес сияқты. Әйтпесе ескі ауылда қырықтан асқан адамды қырқылжың тартты деп есептейтін. Б.Қыд. ~ Қарсыласар күші жоқ қыздар да, шешем де жылау-сықтаумен жүрген күндерде, әуелі — қазақ күйеуіміз келді. «Бай, Датқа» дегенмен, жасы қырыққа жақындап қырқылжың болып қалған, қырма сақал, иіс алмас бір «жануар» екен!.. С.Мұқ.
