Қайтыс болған кісінің қырық күндігін ас-су беріп, атап өтті. ~ Қанға қан, жанға жан деп бір башқұртын ұстап алып, ертең қырқын беретін күні қаралы ошақтың басына апарып, маңдайын құбылаға қаратып, кеңірдегінен шалып, қара қанын шашайын деп едім, бәрің кеп «әке-көкелеп» қолыма жабыстыңдар. Ә.Кек. ~ Енді мұны күлкі емес, ашу қыса бастады. Шешесінің қырқын бергелі үш күн өтті. Мына қыз бөгеп отыр. Айтқанға көнер емес, келгелі екеуі айтысуда. Қатты да айтты, алдап та көрді. Ш.Құм.
