Posted in

ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ

Жаңа туған нәрестеге қырық күн толғанда, әйелдер оны суға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Бұл салтты қырқынан шығару деп атайды. ~ Үлкен шаңырақтың табалдырығынан аттаса болды, не олардан біреу отауға келе қалса құйқа тамыры құрысып, реті келсе шап ете түсіп, ұрысып шыға келетінді шығарды. Алдымен, ұлын қырқынан шығарғанша бағысып берейін деген енесін қудалады. С.Досж. ~ Жарық дүниеге келгенде денесіне алғаш рет тиген шілде суынан бастап, қырық қасық су құйып, қырқынан шығарғаннан кейінгі ұзақ ғұмырында марқұм өзенге де түсіп, көлге де шомылып, моншаның ыстық буына арқасын төсеп, жұпар сабын езініп талай-талай жуынған шығар-ау. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *