Posted in

ҚЫРСЫҒЫ ТИДІ

Кесірі соғып, пәлеге ұшыратты. * Мұның бір мойындығының қырсығы енді елге тиюі мүмкін. К.Қаз. ~ …сондай-ақ дон Луис де Авиль жазған Императордың іс-әрекетінің, — ал бұлардың сұрыпталмаған кітаптар арасында жатқанына еш күмән жоқ-ты, — тергеусіз-тексерусіз отқа лақтырылғанына осы жайдың қырсығы тиді дегенді айтады, себебі егер священник көрген болса, бұлардың осыншалықты ауыр жазаға тартылмауы да ықтимал еді. М.Серв. ~ — Мен ауырғалы екі жұманың жүзі ауды. Қайдасың содан бері?— Ахтан жасаураған мұңлы көзімен Алсуға шағына телмірді.— Қырсығы тиеді деп қашақтайсың-ау, ә, менен. Ө.Кәр. ~ Сөйтеді де қайдағы бір қырсығы тиетін, өздері де сенбейтін пікірлер мен бағыттарды қолдайды; сол бағыттардың бәрі де қазына үйіне ие болып, пәлендей жалақы алудың құр амалы әшейін. Л.Толс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *