Posted in

ҚЫРШЫНЫНАН ҚИЫЛДЫ (КЕТТІ)

Уақытынан бұрын дүние салды, өрімдей кетті. ~ Соғыс басталғалы бері қанша егінжай қақырап, қанша адам қыршынынан қиылды. Ш.Айт. ~ – Сол жылдың көктемінде жиырманың жетеуіне шыққан екен ғой… Жә, оны неге сұрадың? – Жәй әшейін… Байғұс қыршынынан қиылыпты-ау. О.Сәрс.
~ Қыршынынан кеткен, жалғаннан өткен ұл ма екен, тағдырлы жерде, шешуші кезде түйіліп қалған тіл ме екен, білмедім?! С.Әб. ~ Адам қаны судай аққан қан қасап қырғындар болды. Талай жас қыршынынан қиылып, ажал құшты. Сансыз мүрде көмусіз қалды, сайын дала қан сасыды. Д.Рам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *