Posted in

ҚЫРЫ ЖОҚ

Көңілі, ықыласы жоқ; ебі келмейді. * Үстіне киген киімдері де олпы-солпы. Жұмыс басты ма, әлде қыры жоқ па, белгісіз, көптен бері сақал-мұртына ұстара тимей өсіп кетіпті. О.Көшб. * – Қойыңдаршы – ей, баламды ұялта бермей, – деді Арай. – Өйтпей-ақ, өзінің малға аса қыры жоқ. Колхоздың жылқысы тұрмақ, өзіміздің бұзауды әрең таниды. Ш.Мұрт. * − Өзі де құр сырты күмпигенімен әйелге қыры жоқ бірдеңе болу керек. − Әй, ақырын сөйлеңдер, естіп қоймасын… С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *