Тұқыртты, кеудесін басты, аяққа жықты. ~ Сенім көрсеткендіктен бе, әлде салғаннан қиынға са- лып, қырын сындырып алайын деген амалы ма, Данашқа жүктеген жұмыстың жуық арада шет-шегі көріне қоймады. Ө.Кәр. ~ Кеудесін ешкімге бастырмайтын өр екені, тәкаппар екені байқалады… Сол жолы ет қызумен бұл оның қырын сындырмақ болып, әрі сынап көру үшін, басқа үкірдайларды дастарқанға шақырғанда, Демежанды әдейі қалдырып кетті. Қ.Жұм. ~ Иә, енді шамалы минуттардан кейін сеңдей соғылысқан ой ағыны толастап, қырбың тірлік қырын сындыратыны- на сенбеу мүмкін емес. Т.Әлж. ~ Мойны ішіне кетіп құр сүлдері тұрса да, қырын сындырғысы жоқ. Қайта өзгені барлағыш, сыншыл әлпетіне сұс жиып, тұры- сар жерінді айт дегенді үнсіз мәлімдеген кейіпте. Ө.Кәр. ~ Жегі құрттай жебір жұмыр бастылардан өрбіген зұлымдықтың қырын сындырып, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық, алдау-арбауға қарсы күрес ашып, өздерінше шеп құрады екен. Ө.Кәр.
