Posted in

ҚЫРЫНА АЛДЫ

Өктемдік жасады; сынға алды; икеміне салды; қиындыққа ұшыратты. * Жұмандікі – біреуден ілгері, біреуден кейін оразасын ашып, күйбеңдеп күнелтіп отырған үйдің іші ғой. «Құдайекең қырына бір алса, жуырда оңдырған ба? (Жұрт солай аңыз қылысады ғой). Бас қағынды тілмаш мінетін жирен қасқа аттың өлуі екен, содан былай-ақ әр нәрсенің жағдайы келмей, қырсық шалып, қитықтан ситық ұшырай берді. Ж.Айм. * Ал ақылды шеше Есқазы қайнының қыңырайса қырына алатынын біліп, онсыз қия баса алмайды екен. Қ.Шабд. * Бас хатшының Қонаевты қырына алғанын халық көріп, біліп отыр. С.Дос. * Айлакер, тарытпақы мінезді тәсіл еткен Нұрәлі, қытай секратарды қырына алған сияқты. Оған да сөзін өткізіп қойғандай. Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *