Posted in

ҚЫРЫСЫ ТАРАДЫ (ТАРҚАДЫ, ЖАЗЫЛДЫ)

Көңілі жадырады, қабағы ашылды. * Екінші бөтелкені қаққанда бүкіл денесі бусанып, терледі. Қырысы тарап көңілденейін деді. Н.Сер. ~ Құдайменде мен Жасағанберген жұрт соңында оңаша қалып еді; Жасағанберген екеуден екеу оңаша қалғасын да қырысы тарқамай қыржиып отырған ағасын ұялтқысы кеп, ар-ұят, намыс жөнінде біраз маслихат айтып еді; Құдайменде қыбыр еткен жоқ. Ә.Нұрп. ~ Е, енді белгілі болды: бұның неге қырысы тарқамай, қыржиып отырған себебін енді білді. Осыдан үш-төрт күн шамасында Құдайменденің «алып кел», «барып келінде» жүрген бір жігіті Кәленнің үйінен түстік жеген-ді. Ә.Нұрп. ~ Ал біздің жол азығымыз мол, піскен ет, таба нан деген сияқты. Аздан соң үй иелерінің қырысы жазылып, өте көңілді отырдық. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *