Posted in

ҚЫСПАҚҚА САЛДЫ

Қысым көрсетті, алқымнан алды, қинады. ~ Жетті тоқтатуы тамам жұртты! – деп, Семіз сары мен паромшы бурыл сақал ноғайды ортаға алды. Қыспаққа салып тұр еді. М.Әу. ~ Аз өмірдегі өз құлқыны үшін, қысқа өмірдегі қызыл қызығы үшін қызын қыспаққа салып, көз жасынан мөлдіреген моншақ тағып, … әр тасына ертең айықпас қайғы жамайды. С.Жүн. ~ Менің айтып отырғаным мынау: біздің бабамыз хан Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан салдырдыңыз және қазақ халқынан алым-салық аласыз, сөйтіп бізді қыспаққа салып отырсыз. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *