Әлдебір іске мәжбүрлеп, қинады. ~ – Кезінде қызыл белсенді болған Жандай әлі де көп нәрсені күшке салады. Оның біреулердің бермесін тартып алуға, қысым жасауға бейім тұратынын ел жақсы біледі. А.Жақ. ~ Бір жүргізуші қорқақтық танытты екен деп жазықсыз жандарды жәбірлемеңдер, сендердің де ата-аналарың, бауырларың бар. Оларға әлдекім қысым жасаса қалай қарар едіңдер? Осыны естеріңнен шығармаңдар! Т.Әлж.
ҚЫСЫМ КӨРСЕТТІ
Қинады, зәбір көрсетті. ~ Талпындым, түстім ізіне, Оңдалмады бір ісім. Қарамай құлың жүзіне, Алла-ау, көрсеттің қысым. М.Жұм. ~ Сәлім мені ауызға қақты, сөйлетпейді. Мұнысы “Асыра сілтеушілік!”.. “төрешілдік!”.. Мен ізденемін! — Нені ізденеді: зорлық көрсеткен бар ма? Қысым көрсеткен бар ма?.. Б.Майл. ~ Хохолдардың орыстарға қысым көрсетіп жатқанын ести сала, ерікті жасақтарға қосылып, Донецкіге барған екен, сол жерде оққа ұшыпты… Т.Сәу.
