Құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі. Қоңды, семіз, күйлі д.м. * Гүлбаршын сұлу айдай боп, Қысыр емген тайдай боп, Оң жағына барды енді. Ғашық оты жағылып, Абыройы жабылып, Оң қолтыққа алды енді. “Алпамыс б.” ~ Кішігірім таудай боп, Қарсы ұмтылды Алпамыс Қысыр емген тайдай боп. Қарсыласты екі шер Үркер менен айдай боп. “Алпамыс б.” ~ Нөсерлетіп сөйлейін, Селдете құйған жауындай. Тәтті қылып сөйлейін, Жаңа піскен қауындай. Шыны қылып сөйлейін, Жіліктің аққан майындай, Қылтыңдатып сөйлейін, Қысырдың емген тайындай. Шалнияз Шоп. ~ Қыздың томпиған құс кеудесі Құлтайды жып- жылы боп сүйкеп өтті. Жігіттің қытығы басылмаған қысыр емген тайдай шамшыл, қайратты денесі төменгі вольтты ток көзімен жанасып өткендей дір ете қалды. С.Ас.
