Берекесіз, мән-мағынасыз, еріккеннен айтылатын бос әңгіме. * Олай болса ғарышқа, жеті қат көкке бұрынғылардың керемет иелері барып қайтыпты-мыс деген қысыр әңгімелері табиғат заңына, ғылым түсіндіруіне қарсы. А.Байт. * Ай сәскелікке келген кезде, бозбалалар қысыр әңгімеге кірісті. Біреу жылқы баққанын, біреу қала шыққанын, біреу «түн қатқанын», біреу сасқанын, біреу ұялғанын айтысты. Ж.Айм. * Біразы күн шықпай ерте келген; әлі келетін жұрттың соңын күтіп, көліктерін арқандап, қысыр әңгіме айтысып, күн көтерілгенше бос отырды. Т.Әбд. * Көрші ауылдағы қыз ұзату тойы көші-қонның шаруасы ма – шегі жоқ қысыр әңгіме сары қымыздай сапырылып… Ә.Шәр. * Қыза бастаған қысыр әңгімені конференсьенің микрофоннан гүрілдеген дауысы бөліп жіберді… Т.Сәу.
